• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы: Депутаттардың алдында қазақстандықтардың әл-ауқаты арттыру міндеті тұр

Елбасы: Депутаттардың алдында қазақстандықтардың әл-ауқаты арттыру міндеті тұр

11 Қаңтар, 2016 18:04
Елбасы Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мәжіліс қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.

Мемлекет басшысы Парламенттің Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету ісі жөнінде жемісті жұмыс жүргізгенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ бүгінде депутаттардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын, қазақстандықтардың әл-ауқаты соларды табысты жүзеге асыруға байланысты екенін айтты. 

 

Барлық жаңалықтар