- Басты
- Жаңалықтар
- Бельгияда «Байқоңыр» велокомандасының таныстырылымы өтті (ФОТО)
Бельгияда «Байқоңыр» велокомандасының таныстырылымы өтті (ФОТО)
Таныстыру рәсіміне белгілі қазақстандық велошабандоздар қатысты.
Команданың спорттық директоры Жак Туниссен жаңа маусымда «Байқоңыр» командасының да өнер көрсететін мәлімдеді.
«Бұл команда құрамында 10 қазақстандық және 6 бельгиялық шабандоз өнер көрсетеді. Бұл топта Андрей Кашечкин академиясының шабандоздары шыңдалады. Академиямен «Байқоңыр» командасының жалпы құрамында 35 велошабандоз бар», - деді Жак Туниссен.
Андрей Кашечкин бұл жобаны бірнеше жыл ішінде жүзеге асырып отыр.
« Велокоманда тек қана спорт саласындағы жоба емес, ол сондай-ақ Қызылорда облысында және Байқоңыр қаласында туризм саласын дамыту жоспарының бір бөлігі болып табылады. Біздің мақсатымыз жерлестеріміз Қазақстанды халықаралық аренада танытып, Байқоңырдың танымалдылығын арттыру», - деді А.Кашечкин.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысының әкімі қазан айында Андрей Кашечкинмен кездесіп, жобаны жүзеге асыру және «Байқоңыр» брендін насихаттау мәселелерін талқылаған. Екінші желтоқсан күні облыс әкімдігінде жаңа команда таныстырылып, машина құру зауытын салу және Қызылорда облысында туризм саласын дамыту жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті -
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті