• Басты
  • Жаңалықтар
  • №1 Индустриалды паркінде 181 млрд теңгелік инвестиция көлемін құрайтын 62 инвестжоба жүзеге асырылуда

№1 Индустриалды паркінде 181 млрд теңгелік инвестиция көлемін құрайтын 62 инвестжоба жүзеге асырылуда

11 Қаңтар, 2016 16:29
№1 Индустриалды паркінде 181 млрд теңгелік инвестиция көлемін құрайтын 62 инвестжоба жүзеге асырылуда, деді ОКҚ брифингінде «Астана-жаңа қала» АЭА жетекшісі Ильяс Жангаскин.

«№1 Индустриалды паркінде 181 млрд теңгелік инвестиция көлемін құрайтын 62 инвестжоба жүзеге асырылуда. Оның 27 өндірісі пайдалануға берілсе, 18  салынуда. 12 жоба жобалау дәрежесінде болса 5 бойынша рұқсат беру құжаттары әзірленуде», - деді И.Жангаскин.

Оның айтуынша, 2015 жылы индустриалды парк аймағында 22,6 млрд теңгенің 6 нысаны пайдалануға берілді.

«Жобалық қуаттылыққа шығуда 800 жұмыс орны құрылады.  Оның  6 – 3 2015 жылдың соңында Елбасының қатысуымен  ашылды», - деді ол.

И. Жангаскин атап өткендей, осы жылдары өнім экспорты 15,5 млрд теңгені құрады, 2735 жұмыс орны ашылды. Индустриалды паркке салық түсімдері 36 млрд теңгеден асты.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар