«Астана-жаңа қала» АЭА аймағында 1,2 трлн теңгенің 76 нысаны салынуда

11 Қаңтар, 2016 16:18
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында қазіргі таңда 1,2 трлн теңгенің 76 жобасы жүзеге асырылуда, оның 59 тұрғын үй мен 7 әлеуметтік-мәдени нысан болып есептеледі, деді ОКҚ-да «Астана-жаңа қала» АЭА жетекшісі Ильяс Жангаскин.

«Астана – жаңа қала» АЭА 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеуде ол 2027 жылға дейін созылмақ. АЭА аймағы мыңдаған гектар жерді алып жатыр. Қазір жалпы көлемі 7634 гектарды құрайды. Бұл елорданың сол жағалауына тең, индустриялды парк пен әкімшілік аймақ. Бүгінгі таңда  сол жағалаудың әкімшілік-іскерлік орталығында 344 нысан салынды. Қазіргі таңда 79 нысанның құрылысы жүруде», - деді ол.

Айта кетейік, 1,2 трлн теңгенің 76 нысаны салынуда, 2015 жылы 514 млрд теңгенің жұмысы жасалды.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар