• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Carmeuse Group» корпорациясы Қарағанды облысының Осакаров ауданында зауыт салады

«Carmeuse Group» корпорациясы Қарағанды облысының Осакаров ауданында зауыт салады

11 Қаңтар, 2016 19:57
ҚР ИДМ жоғары сапалы арнайы құрылыс материалдарын өндіруде көшбасшы саналатын бельгиялықтрансұлттық «Carmeuse Group» корпорациясымен кездесу өтті, деп хабарлады ҚР ИДМ.

Компания қуаты жылына 500 мың тонна жоғары сұрыпты технологиялық әктас шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Зауыт еліміздегі металлургиялық, химиялық, құрылыс және тамақ өнеркәсібінің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Кәсіпорында 100-ден аса жұмыс орны құрылады.

Аталған жоба аймақтық индустриаландыру Картасына енгізілді және ол химиялық реагенттерді жүзеге асыру бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы  «Global Chemicals Companyмен» бірлесіп жүзеге асады. Жобаға 10 млрд. теңге инвестиция тартылады. Зауыт құрылысы Осакаров ауданында биыл басталады. Министр Әсет Исекешев аталған жоба үшін қажетті инвестициялық жеңілдіктер қарастырылатынын айтты. 

Айта кетейік,  «Carmeuse» компаниялар тобы әлемдегі жоғары сапалы әктас өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы саналады. Компанияның карбонатты, доломитті әктас өндірісі саласына және  өнеркәсіп саласы үшін аса қажетті әртүрлі өнімдер шығаруда 150 жылдық тәжірибесі бар.

«Carmeuse» кәсіпорнының өндірістік қуаты әлем бойынша жылына 13 млн. тоннадан астам әктас және 33 млн. тонна әртүрлі әктас өнімдерін шығаруға мүмкіндік беріп отыр.

Компанияның штаб-пәтері Брюсселде (Бельгия) орналасқан. Әлемнің 25 елінде өкілдіктері  мен  90-нан астам зауыты бар. Жалпы қызметкерлерінің саны 5 мың адамнан асады. Компания әлемдегі металлургия, химия, энергетика және құрылыс саласындағы кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатқан.

Барлық жаңалықтар