ШҚО-да толық циклді ірі автоөндіріс құрылысы басталды

11 Қараша, 2013 13:32
Өскеменде «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ мен «АВТОВАЗ» ААҚ бірігіп қолға алған толық циклді автомобиль өндіріс құрылысының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды «БИПЕК АЗИЯ АВТО» Компания тобының әлеуметтік байланыс департаментінің баспасөз қызметі.

«2013 жылдың 10 қарашасында Өскемен қаласында толық циклді қуатты автомобиль өндірісінің құрылысы ресми түрде іске қосылды. Дәнекерлеу, сырлау, автокөлікті құрастыру және де автобөлшектерді жинау кәсіпкерлік кешені жылына 120 мың даналық қуаттылыққа ие. Осының бәрі аталмыш «АЗИЯ АВТОВАЗ Қазақстан» АҚ базасында жасалады. Жобаның технологиялық әріптестігі «АВТОВАЗ» ААҚ болып табылады», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, Қазақстандағы ірі автомобилдь кластері құрылысы Өскемен қаласының солтүстік шығыс аумағының 523 гектар жерін алып жатыр.

Болашақ өнідіріс орны құрылысының іргетасына алғаш тасты РФ Өнеркәсіп және сауда министрінің бірінші орынбасары Глеб Никитин мен ҚР Индусртия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау қойды.

«Бүгін іргетасы қаланып жатқан бұл өнеркәсіп 2016 жылы өз жемісін бере бастайды. Көпжылдық келісім мен жан-жақты сараптаманың негізінен туындаған өндіріс орны «БИПЕК АВТО» Компания тобы мен «АВТОВАЗ» АҚ-ның бірігіп қолға алған жобасы. Үстіміздегі мыңжылдықтың басында LADA көлігі қазақстандық зауыттарға енген алғашқы көлік еді. Бүгін ресейлік әріптестердің арқасында біз қуатты өнеркәсіп құрылысын қолға алып жатырмыз. Бұл өз кезегінде әлемдік автоиндустрияға интеграцияланған. Біз алғаш рет толық технологиялық тізбекті енгіздік. Шикізаттан бастап дайын көлікке дейін өзіміздің қолымызбен істейтін болдық. Зауыттың Кедендік одақ елдерін дайын өніммен қамтамасыз етуі 90 пайызды құрайды. Ал таза қазақстандық өнім 50 пайыздан асып жығылады. Салынып жатқан аталмыш өндіріс орны еліміздің ЖІӨ көлемін жылына 150 млрд теңгеге дейін көтереді. Ал экспорт көлемінің 80 млрд теңгеге дейін өсуіне жол ашады», - деп мәлімдеді Альберт Рау.

 «АЗИЯ АВТО Қазақстан» - тиімді экономикалық әріптестік пен Кедендік Одақ елдерінің өндірістік кооперациясының жемісі. Аталмыш шара «Ресей мен Қазақстан өңірлерінің өндірістік қауымдасуы» тақырыбымен Екатеринбург қаласында өткен Мемлекет басшыларының Форумы аясында қазақстан-ресей экономикалық әріптестігінің маңызды элементі болып табылады. Бұл зауыт – Қазақстан Республикасындағы ірі автомобиль циклі өндірісі бойынша алғашқы Ресей-Қазақстан бастамасы және екі ел арасындағы сәтті келісімдердің жемісі», - деді Глеб Никитин.

Сонымен, бірлескен осынау жобаға құйылған инвестиция құны $ 630 млн-нан асып жығылады. Ал дәнекерлеу, сырлау және автомобиль құрастыру базасы құрылысына бағытталған қаражат көлемі $ 500 млн.

Айта кету керек, «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ бастамасы ҚР Үдемелі Индустриялды-инновациялық Даму Мемлекеттік бағдарламасы мен ҚР Индустрияландыру картасы және өзге де мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолға алынған.

 

Барлық жаңалықтар