- Басты
- Жаңалықтар
- Астаналық қызметтің негізгі бағыттары Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға негізделген – әкім
Астаналық қызметтің негізгі бағыттары Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға негізделген – әкім
Қала басшысы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген негізгі заңнамалық өзгерістерге тоқталып өтті. Мемлекеттік аппарат тиімділігін арттыруға бағытталған бірінші реформа мемлекеттік қызметті жаңғыртуға негізделеді. Әкімнің атап өтуінше, біруақытта қабылданған және өзара байланысты мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдар, жаңа Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі әрбір әкімдік қызметкерінің күнделікті жұмысында басшылыққа алынуы тиіс.
1 қаңтардан бастап жергілікті полиция қызметі өз жұмысын бастады, оның құрамына 1,5 мыңға жуық полиция кірді. Аталған қызметтің бастығы болып бұған дейін әкімшілік полицияны басқарып келген полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев тағайындалды. Ә. Жақсыбековтың айтуынша, жергілікті полиция қызметі бірінші кезекте қоғамдық тәртіптің жағдайы үшін жауапкершілікті арттырады, сондықтан жұмыстың тиімділігі артуы керек. «Халық жол-патрульдік қызметтің жақсырақ жұмыс істей бастағанын, ал учаскелік инспекторлардың адамдарға жақындай түскенін сезінуі керек», - деді қала басшысы.
Құрылыс саласында да айтарлықтай өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, салынып біткен нысандарды қабылдау бөлігінде. Енді барлық жауапкершілік тікелей тапсырыс берушіге, мердігерге, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау ұйымына жүктеледі. Бірақ түрлі мемлекеттік комиссиялардың қысқартылуы қалада ғимараттар мен құрылыстар салу кезінде бұзушылықтарды мойындамауға себеп болмауы керек, деді Ә. Жақсыбеков.
«Жаңа жылда алға жаңа жоспар құрып жатырмыз, бірақ міндеттер бұрынғыдай – қалалық қызметтердің қала тұрғындарының игілігіне тиімді жұмыс істеуі, Астанада тіршілікті қамтамасыз ету және қаланы абаттандыру, сондай-ақ, елорданың әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерін сақтау», - деді Ә. Жақсыбеков.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді