М.Раимов: 2016 жыл Тәуелсіз еліміздің нақты қозғаушы күшіне айналуда

11 Қаңтар, 2016 17:39
КСРО тарихын зерттейтін тарихшылар 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Кеңес одағының құлдырауында маңызды рөл атқарды деп есептейді, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында жазушы және қоғам қайраткері Мади Раимов.

- 2016 жыл Қазақстан үшін өте ерекше. Біз Ұлы мерекені тойламақпыз. Мемлекет басшысы Тәуелсіздік мерекесін 2015 жылдың желтоқсанынан бастап тойлауды неге ұсынды?

-  Оның себебі осы жыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы болмақ. Тарихи мерзім бойынша бұл уақыт өте аз, ал адам өмірімен салыстырсақ үштен бірі болып есептеледі. Негізгі «қарбалас» бастан өтті деген сөз. 2016 жыл біздің тәуелсіздігіміздің негізгі қозғаушы күші болды. 2016 жылдың 16 желтоқсанына алдын ала дайындалу үшін бір ай бұрын бастау берген болатын.

- Барлық көрші елдер Тәуелсіздік мерекесін жоғары бағалайды. Бірақ, Қазақстанда тарихта ерекше күн бар деп қоғам қайраткерлері айтады. Бұл немен байланысты деп ойлайсыз?

- Егер КСРО құлдырауына назар аударсақ. Қазақстанның тарихын жетік білген адамға біз Одақтан шыққанды қаламағандай көрінеміз, себебі Қазақстан ең соңғы шыққан болатын.  Бірақ Қазақ ССР тарихына назар аударсақ, ең бірінші толқулар Алматыда пайда болды. КСРО тарихын зерттейтін тарихшылар 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Кеңес одағының құлдырауында маңызды рөл атқарды деп есептейді

- Қазір қоғамда мемлекеттік шараларды өткізгенде даңғазалық көрсетіледі. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлауды қалай өткізу қажет?

 - Бірінші кезекте, Қазақ хандығының тарихы туралы сапалы фильм көрерменге жол тартуы тиіс. Жәнібек пен Керей заманынан қазіргі кезге дейінгі уақытты суреттейтін телехикая түсіру қажет. Ірі конференцияларды өткізудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Мәдениетті қаржыландыру қажет – шетелдік және қазақ тілінде кітаптар басып шығару қажет. Тарих туралы театрлық қойылым болып, БАҚ барынша жариялауы тиіс. Бұл имидждік шаралар өткізуге қарағанда әлдеқайда тиімді.

- Сұхбатыңыз үшін рақмет.

Данияр Қасымов

Барлық жаңалықтар