- Басты
- Жаңалықтар
- Т.Әлпиев: Қазақстандық солистердің кәсіптік деңгейі халықаралық деңгейге сәйкес
Т.Әлпиев: Қазақстандық солистердің кәсіптік деңгейі халықаралық деңгейге сәйкес
«Осыдан екi жұма бұрын Италияның Генуа қаласындағы Карло Феличе атындағы театрда Джакомо Пуччинидiң «Богема» операсының тұсаукесерi өткен болатын. Бұл қойылымда бiздiң әртiстер басты рөлдi сомдады. Қазақстандық алты бiрдей әртiстiң Италия театрында өнер көрсетуi бiз үшiн үлкен тарихи оқиға. Шетелдiк сыншылар мен журналистердiң бiздiң әртiстерiмiздiң өнерiн жоғары деңгейде бағалауы да тектен-тек емес», - деген ол сыншылар қазақстандық әртiстер басты рөлдi сомдаған операны «супер Богема» деп атағанын да тiлге тиек еттi.
Сонымен қатар, «Богема» операсының Қазақстандағы қойылымының мәтiнi мен түпнұсқа мәтiн арасында айырмашылық бар екен. Яғни, операның соңы бiздiң қойылымда қыс мезгiлiнде орындалса, түпнұсқа мәтiнде Мими көз жұматын бұл сәт көктем уақытында қойылған. Бұл мезгіл табиғаттың қайта жаңаруы және басты кейiпкердiң қаза табуымен әдейi үйлестiрiлген.
«Қазiргi уақытта аталған опера бiздiң театрда қойылып жатыр. Бiз ендi өз қойылымдарымызды түпнұсқа мәтiнге сәйкес өзгертетiн боламыз. Жалпы, қазақстандық опера өнерiне шет мемлекеттердiң жаппай қызығушылық танытуына елордадағы Президенттiң бастамасымен салынған «Астана Опера» театрының да ықпалы бар. Мұнда келген азамат елiмiзде мұндай тамаша театрдың бар екенiне тамсанады. Әрине, бiздiң басты мiндетiмiз – осы театрды бiлiктi әрi дарынды өнер иелерiмен толықтыру», - дедi директор.
Т.Әлпиев Қазақстандағы Италия жылы және «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесi аясында жоспарланып отырған мәдени шараларға тоқталып өттi.
«Қазақстандағы Италия жылын өткiзу бойынша Мәдениент және спорт министрлiгiнiң жоспары бар. 15 сәуiрде «Астана Опера» театрында Джакомо Пуччинидiң «Мадам Баттерфляй» операсының тұсаукесерi өтедi. Бiз аталған опера аясында италиялық әрiптестермен жұмыс жүргiзетiн боламыз. Сол сияқты, Дж.Россинидiң салтанатты мессасы орындалады. Күзде италиялық музыканттар қазақ жерiнде өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жыл соңында екi ел әртiстерi өнер көрсететiн гала-концерт ұйымдастырмақпыз. Сондай-ақ, бiз ЭКСПО көрмесi аясындағы бағдарламаға да үлкен мән берiп отырмыз. ЭКСПО 93 күнге созылады. Әлбетте, бұл уақытта ешқандай демалыс болмайды. Бiз, сол себептi, қазiр өз репертуарымызды толықтыру үстiндемiз», - деген ол бiрқатар шетелдiк опералармен қатар «Қыз Жiбек», «Абай» сынды қазақ операларын жоғары деңгейде сахналау жоспарланып отырғанын айтты.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді