- Басты
- Жаңалықтар
- Германия қазақ-еуропалық ыңтымақтастықтың нығайтуын құптауда
Германия қазақ-еуропалық ыңтымақтастықтың нығайтуын құптауда
Қазақстандық дипломат неміс тарапын 2015 ж. желтоқсан айында өткен ЕО Сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могеринидің Астанаға сапары, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойылғандығы, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды реттеудегі жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарына (ЖҚБІЖ) Қазақстанның үлесі туралы хабарлады.
А. Пешке қазақстандық-еуропалық келісімге қол қойылғандығын құптап, аталған құжат ҚР мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарының барлық маңызды бағыттары бойынша екіжақты ыңтымақтастықты принципті жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді. Неміс тарапы еліміздің ЖҚБІЖ жүзеге асыруына қатысуының маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның жаппай ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы рөлін баса айтты.
Осы күні Б. Нүсіпов Қазақстанның экономикасына шетелдік инвесторларды тарту бойынша Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Dorsch Gruppe Holding неміс холдингі президенті Юрген Рекермен келіссөздер өткізді.
Кездесу барысында неміс тарапы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын атап өтті. Ю. Рекер 2016 .ж. қаңтар айында Қазақстанға жоспарланған сапары туралы хабарлап, Астанада холдингтің нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты тиісті кездесулер өткізуге ниеттеніп отыр.
Dorsch Gruppe Holding Германияда ірі жетекші инжинерлік компания болып саналады. Оның құрамында 2000 адам 40 елде жұмыс істеуде, . 2015 жылы құрылыс саласында жасалған қызметінің көлемі 2,6 млрд. евро құрады.
Компания құрылыс инжиниринг, гидротехникалық ғимараттар салу, жер үсті құрылыстары, сумен жабдықтау, елді мекендерді кәрізлеу салаларда және т.б. қызмет көрсетеді.
-
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ -
COVID-19: АҚШ-та қайтыс болғандар саны шарықтау шегіне жетті, Германия Рождестводан соң локдаун енгізбек -
COVID-19: Германия карантин шараларын ұзартпақ, ал америкалықтар ковидке қарсы вакцинациялауды бастайды -
COVID-19: Француздар карантин талаптарын жаппай бұзуда, ал Германия эпиджағдай бұдан әрі ушығатынын айтып отыр -
Әлемдегі эпиджағдай күрделі: Франция мен Германияда қайтадан карантин жарияланды -
COVID-19 екінші толқыны: Әлемдегі ахуал күрделі -
Қ.Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысу үшін Германияға барды -
Қазақстан мен Германия ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтады -
Германия – Қазақстанның негізгі еуропалық серіктесі – Қ.Тоқаев -
«Мұзбалақ» анимациялық фильмі Германиядан жүлдемен оралды -
Роман Скляр Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты -
Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы: нақты жоспарлар мен жобалар белгіленді -
Қазақстан мен Германия арасында автокөлікпен тасымалдау көлемі 18,5 пайызға өсті -
Н.Назарбаев Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына назар аударды