- Басты
- Жаңалықтар
- 200-ге жуық қазақстандық кадет әскерлерге алғашқы тағылымдамадан өтуге аттанды (ФОТО)
200-ге жуық қазақстандық кадет әскерлерге алғашқы тағылымдамадан өтуге аттанды (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының үйренушілері үшін бұл жаңа іс жүзіндегі тәжірибе мен ҚР ҚК әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде нағыз қызметті танып-білудің алғашқы мүмкіндігі. Жарты жылдан кейін олардың әрқайсысы өз қызметін бастауға кіріседі.
Барлығы практикалық сабақтарға екінші курстың 185 кадеті тартылады. Олардың 53-і «Батыс» өңірлік қолбасшылығында, 45 кадет Аэроұтқыр әскерлерінде, 35-і «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында, тағы 52 кадет «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында тағылымдамадан өтеді. Әскери тағылымдаманың мерзімі екі айды құрайды. Бұл уақыт ішінде болашақ сержанттар Кадет корпусының қабырғасында алған теориялық, практикалық дағдылары мен шеберліктерін пысықтауы, Қарулы Күштердегі шынайы қызметке дайындалуы, кәсіпқой көшбасшының машығын жетілдіруі тиіс.
Еліміздегі бірден-бір Ш.Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы осы жылы өзінің 20 жылдығын атап өтетінін айта кеткен жөн. Биылғы жылға жоспарланған кадеттердің тағылымдамадан өтуі және барлық алдағы іс-шаралар оқу орнының мерейтойы аясында өтеді. 20 жыл ішінде Кадет корпусының қабырғасынан 2 400-ден аса кіші командалық құрам мамандары түлеп шықты. Бүгінде «Әскери басқарудың кіші маманы» дипломы және біліктілігімен, ЖӘЖМ-нің механик-жүргізушісі және «В», «С» санатындағы жүргізуші куәлігімен олардың барлығы қазақстандық армияда қызмет етуде. ҚР ҚМ Кадет корпусының түлектері қатарында бөлімше командирінен бастап Қарулы Күштерінің бас сержантына дейінгі лауазымдарда өздерінің әскери борышын жоғары әрі лайықты деңгейде атқарып жүрген көптеген дарынды әскери қызметшілер бар.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады