• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Қазақстанды зерттеу орталығының ашылу рәсіміне қатысты (ФОТО)

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Қазақстанды зерттеу орталығының ашылу рәсіміне қатысты (ФОТО)

11 Қаңтар, 2016 15:56
Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Далянь қаласына жұмыс сапары барысында Далянь шет тілдері университетінде (ДШТУ) ҚР-дың Елшілігі және М. Ауэзов атындағы Онтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің (ОҚМУ) жәрдемдесуімен құрылған «Қазақстанды зерттеу орталығының» салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлады СІМ.

Орталық қазақ тілі, қазақ мәдениеті және өнерін зерделеуге, сонымен қатар студенттер мен оқытушыларды Қазақстанның қалыптасу тарихы және қазіргі өмірі туралы хабарлауда жәрдем көрсетеді.

Елші жергілікті академиялық топтар, қазақстандық және шетелдік студенттердің алдында сөз сөйлеп, аудиторияны «Қазақстан-2050 Стратегиясы», «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты, Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары және ҚР Президенті Н. Назарбаев қойған елдің басқа да әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына қатысты міндеттермен таныстырды. Іс-шараға ОҚМУ-ның ректоры Жұмахан Мырхалықов және ДШТУ басшылығы қатысты.

Далянь қаласына сапары шеңберінде Ш. Нұрышев ДШТУ ректоры Лю Хунмен кездесті. Тараптар ДШТУ мен Қазақстан арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықты даму сұрағын, екіжақты негізде және ШЫҰ Университеті шеңберінде алдағы әрекеттесуді талқылап, Далянь университетінде қазақ тілі кафедрасын ашу келешегі жөнінде пікір алмасты.

Далянь шет тілдері университеті жанындағы «Қазақстанды зерттеу орталығы» Шанхай шет тілдері университеті (2015 ж. 16 қарашада ашылды) және Бейжің шет тілдері университеті жанындағы (2015 ж.  13 желтоқсанда ашылды) орталықтардан кейінгі үшінші болып табылады. Осындай серпін қытайлық ғылыми қауым пен қоғамның Қазақстанға қызығушылығының артуын көрсетеді.

Барлық жаңалықтар