- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да 5 жыл ішінде «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 39 ауылда 35,7 мың адамға арналған су құбырлары тартылды
ШҚО-да 5 жыл ішінде «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 39 ауылда 35,7 мың адамға арналған су құбырлары тартылды
Бүгінгі таңда Өскеменде 83%, Семей қаласында 48% автобустердің пайдалану мерзімі 7 жылдан артық уақытты құрайды. Аталмыш мәселені шешу мақсатында 2015 жылы Өскемен, Семей қалаларындағы жолаушылар тасымалы компаниялар мен әкімдер арасында арнайы меморандумға қол қойылды. Ықпалдастық шартын ұзарту кезінде Өскемен қаласында 3 жылдың ішінде, Семей қаласында 2 жыл ішінде жылжымалы құралдарды жаңарту қарастырылған.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов тозығы жеткен автобустер жол жүру бағдарынан алынып, жолаушылардың өміріне қауіпсіздік туғызбауы қажет екендігін атап өтті. Осы ретте жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқарама басшысы Берік Бейсеновке даму институттарын тарту арқылы автобустерді жаңарту қажеттілі бойынша тапсырма берілді.
2003-2010 жылдарға арналған «Ауыз су», 2011-2020 жылдарға арнлаған «Ақ бұлақ» бағдарламалары аяыснда нысандар құрылысы бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Алма Кайраканова мәлімдеді.
«Ауыз су» бағдарламасы бойынша 282 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылып, 600 км су құбырлары салынып, қалпына келітірілді. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 16,8%-ға өсті.
«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 5 жыл ішінде алғаш 39 ауылды жерлерде 35,7 мың адамға арналған су құбырлары тартылып, 971 км су желілері қалпына келтірілді. 95 нысан бойынша құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның 88-і қолданысқа берлді.
2012-2015 жылдары 16 жұмыс істемей тұрған нысанның 14-і қолданысқа беріліп, оның ішінде 2015 жылы 3 нысан бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды.
Облыс әкімі Өскемен қаласындағы Аблакетка кентіндегі су іркуіш ғимараттарды және Үржар ауданындағы Сағат ауылындағы су құбырларын қайта қалпына келтіру жұмыстарының аяқталу мерзімінің ұзаққа созылуы бойынша сын білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді