- Басты
- Жаңалықтар
- ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Офисінің басшысы Әлемдік дағдарысқа қарсы күрестің Астаналық тұжырымдамасының рөлін жоғары бағалады
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Офисінің басшысы Әлемдік дағдарысқа қарсы күрестің Астаналық тұжырымдамасының рөлін жоғары бағалады
«Біз 4 жыл ішінде Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша үлкен жұмыс атқардық. Біздің қарым-қатынасымыз бұрынғыдан да жоғары деңгейге көтерілді. Біріккен жобаларымыз көп болды. Мәселен, өткен жылы түрлі бағыттағы 62 жоба жүзеге асты. Олардың қатарында көші-қон, экономика, адами өлшемдер, гендерлік саясат, аймақтық даму сияқты бағыттар бар. Өңірлерде ауыл әйелдерімен бірнеше семинар мен дөңгелек үстел өткіздік. Және экология мен жасыл экономика салаларын қамтыдық. Ассамблея да жақсы жұмыс атқарды. Былтыр Ассамблеяның 20 жылдығы аталып өтті. ЕҚЫҰ-ның арқасында осы сияқты көптеген бағыттағы Қазақстан тәжірибесі ЕҚЫҰ деңгейінде басқа елдерге таралды. Сондықтан, мен осындай белсенді жұмыс үшін алғыс білдіремін», - деді мемлекеттік хатшы.
Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова кездесу барысында Қазақстанның Ұйымдағы 2010 жылдағы төрағалығын, ЕҚҰЫ-ның Астана қаласында өткен соңғы саммиті мен Астана декларациясының қабылдануын атап өтті. Және де ҚР Мемлекеттік хатшысы Наталия Заруднаны Жаңа жылмен және Рождество мерекесімен құттықтап, басқа қызметіне сәттілік тіледі.
Тараптар Қазақстанның ЕҚЫҰ бағытындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалына және болашақ перспективаларына қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Атап өтсек, ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы бағдарламалар офисінің ұйымдастыруымен Ұйым хатшылығының және ЕҚЫҰ құрылымдық бөлімшелері басшылығының Қазақстанға бірнеше сапары, елімізде және шетелде көптеген саланы қамтыған түрлі форматтағы және деңгейдегі бірқатар іс-шара өткізілді.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші