• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта «Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімінің Баптарын ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды

Сенатта «Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімінің Баптарын ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды

11 Қаңтар, 2016 11:42
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімінің Баптарын ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі (АИИБ) қызметінің негізгі бағыты инфрақұрылымға және басқа да өндірістік секторларға инвестициялар салу жолымен Азиядағы экономикалық дамуға, әл-ауқатты жасауға және инфрақұрылымның өзара іс-қимылын жақсартуға жәрдемдесу болып табылады.

2015 жылғы 29 маусымда Бейжіңде қол қойылған Келісімге сәйкес, Қазақстан АИИБ-дің құрылтайшы мемлекеттер қатарына енеді. Қазақстанның АИИБ капиталындағы жалпы үлесі 729,3 миллион АҚШ долларын немесе 0,7293 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіштер бойынша біздің еліміз 37 өңірлік мүшелер арасында 17-ші орынды иеленеді. 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру жөніндегі Республикалық бюджет комиссиясының 2015 жылғы 8 тамыздағы отырысында мүшелік жарналарды төлеуге қажетті қаражаттың жыл сайынғы сомасы 5 396,45 млн. теңге болып мақұлданды.

Құжатты ратификациялау инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға Қазақстанға ұзақ мерзімді несиелік ресурстарды әкелуге мүмкіндік береді. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

 

 

Барлық жаңалықтар