- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да «Үлкен ел-Үлкен отбасы» республикалық акциясы басталды
ОҚО-да «Үлкен ел-Үлкен отбасы» республикалық акциясы басталды
Тәуелсіздік жылдары ішіндегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салалардағы жетістіктерін көрсету, идеологиялық және медиялық сүйемелдеу; Қазақстан халқының бірлігін нығайту және қоғамды демократиялық құндылықтардың төңірегінде біріктіру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шараға облыстық мәслихаттың «Ел бірлігі» депутаттық тобы, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық Ассамблея жанындағы Аналар кеңесі мен ғылыми – сарапшылық тобының өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, қала және аудан әкімдіктеріндегі ассамблея хатшылығымен өзара әрекет ету жөніндегі қызметкерлер, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері, т.б. қатысты.
Іс-шара барысында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-інің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Ғ.Маймақов, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы А.Мухамедова, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің доценті, ф.ғ.к. С.Қорғанова лекция оқыды.
Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары-облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов өз сөзінде: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын жалпыхалықтық деңгейде атап өту біздің әрбіріміздің азаматтық борышымыз және мақсатты міндетіміз деп білеміз. Осы орайда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тарапынан ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге арналған арнайы желілік кесте бекітіліп, соның нәтижесінде ағымдағы жыл ішінде қоғамдық-саяси, мәдени тағы басқа бағыттағы түрлі іс-шараларды атап өту көзделіп отыр. Бүгінгі іс-шарамыз осы бағытта өткізілетін ірілі-ұсақты шаралардың алғашқы бастауы десек қателеспейміз», - дегенді айтты.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері