- Басты
- Жаңалықтар
- Э.Абдуллаев: Капиталды тиімді қолдану Қазақстан қуатын арттыруға серпін береді
Э.Абдуллаев: Капиталды тиімді қолдану Қазақстан қуатын арттыруға серпін береді
«Аса қызығушылықпен Елбасының «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға апарар жол» мақаласын оқып шықтым. Ұлт жоспарында Стратегия 2050-де көрсетілетін басты мақсаттар жалғасын тапқан. Кез келген реформа әрбір елде мемлекеттік стандартқа аса жауапкершілікпен қарайтын мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен сәтті жүзеге асырылады.
Ататүріктің сөзімен айтсақ, «Әділдік – державаның іргетасы». Осы орайда халықтың қолдауына әділдіксіз ешкім қол жеткізе алмайды. Ол мемлекеттік органдар мен жеке органдарға да қатысты, сондықтан осы салада еркін және жеке соттар еңбек етпек. Бұл сала реформа тізімінде ерекше құзыретке ие», - деді сарапшы.
Оның айтуынша, Ұлт жоспарында экономикалық реформа мен әлеуметтік сұрақтарға аса мән берілген. Э.Абдуллаев ШОБ, өз өндірісін дамыту, шетелдік инвестицияларды тартуды ерекше атап өтті.
«Экономиканы әртараптандыру мен сауда қарым-қатынасын дамыту, жергілікті өндірушілерді салық салуды жеңілдету арқылы ынталандыру экономикалық өсімге себепші болады. Мемлекет жергілікті өндіру мен тауар экспортына қолдау көрсетуге міндетті. Барлық табыс әкелетін компаниялар жекешелендіру бойынша сатылуы керек. Дағдарыс кезеңінде көп жылдар бойы қалыптасқан өндірісті сақтап қалу қажет. Осы орайда Қазақстандағы экономика реформасы сәтті өтеді деген ойдамын. Шетелдік капиталды тарту 30дамыған елдің қатарына енудегі басты маңызды мәселе болып табылады. Капиталды тиімді қолдану XXI ғасырдың елі ретінде экономика өсіміне әкеледі», - деді Э.Абдуллаев.
Ол сондай-ақ, біздің ел ұлтаралық қақтығыс туындауы мүмкін емес көпұлтты мемлекет екенін атап өтті. Бұл елдің одан әрі дамуына ықпал етеді.
«Халық туралы айтатын болсақ, Қазақстан бай мәдени мұрасымен қоса бейбіт өмірді насихаттайтын бауырлас мемлекет болып табылады. Әрбір қазақстандықтың қоғамды түсінуі мен бірыңғай ұлттық өкілі ретінде өзін-өзі дамытуы реформаның сәтті қыры болып танылса, екінші тараптан ұлттың бірігуі басты рөлде. Жергілікті өзін-өзі басқаруц органдары – мемлекет пен азаматтық арасындағы ең басты мәселе. Бұл орайда тиімді әдіс қолданылған, халықтың ақыл-ойымен жобаларға көптеген инвесторларды тартуға болады. Бұл адамның мемлекет үшін жауапкершілікте болуы. Ұлт жоспарында Қазақстанда азаматтық қоғамды қалыптастыру маңызды себеп болып отыр. Ұлт жоспары елдің одан әрі бет түзейтін мақсаты, басты құжаты. Бұл құжатты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы қабылдағаны әркез есте жүреді», - деді ол.
Данияр Қасымов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру