- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жаңа бағыттары талқыланды
Қызылордада «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жаңа бағыттары талқыланды
Облыс әкімі Қ.Көшербаев пен жергілікті және аумақтық органдардың қатысуымен өткен семинар-кеңесте Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша жоспарланған шаралар барысы қаралды, деп хабарлады 100kadam.kz.
Кеңесте сөз алған аймақ басшысы отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен жасалған Ұлт жоспарының стратегиялық маңызын айрықша атап өтті. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары орталықта ғана жүзеге асып, Үкіметтік деңгейде жауаптылық жүктелетін реформа емес. Бұл - бүкіл қазақстандықтардың ісі. Бұл іске бір адамдай жұмылуымыз қажет. Барлық мемлекеттік органдардан, қоғамдық институттар мен азаматтардан іс-қимылдың үйлесімділігі, табандылық, креативтілік және қажырлылық талап етіледі,- дейді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Семинар-кеңеске қатысушы салалық ұйымдардың басшылары заңнамаға енгізілетін өзгерістер туралы баяндады. 5 институционалдық реформадан туындайтын Ұлт жоспары мемлекет және қоғам өміріндегі ең маңызды салаларды қамтиды.
Мәселен, мемлекеттік қызметте бірқатар өзгерістер орын алады. Бұрынғы «Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс» кодексінің орнына «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» жасалды. Бұл құжатта мемлекеттік қызметшінің сыртқы келбеті мен моральдік-рухани қаситеттері және жүріп-тұруы мен қоғаммен байланыс нормалары қарастырылған. Мемлекеттік қызметке орналасу, мансаптық өсуі, олардың еңбекақысында да біршама өзгерістер бар. Енгізілген өзгерістердің қатарында әдеп бойынша кеңестер және әдеп жөніндегі уәкіл лауызымы пайда болды. Бұл лауызымға ұжым ішінде беделді, білімді қызметкер тағайындалады.
Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және ресурстарын басқару комитетінің Жерге орналастыру, геодезия және жер қатынастарын дамыту басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді жекешелендіру туралы әңгімеледі. Пайдаланылмай тұрған жер учаскелерін нарықтық айналымға енгізу жауапты жалға алушылардың мүдделерін қорғап, бос тұрған жер телімдерін тиімді пайда көзіне айналдыруға мүмкіндік береді, - дейді ол.
«Осындай ауқымды семинар-кеңесті ұйымдастырғаны үшін облыс басшылығына алғысымды айтамын. Бүгінгі шараның қорытындысы бойынша осындай семинарларды басқа да өңірлерде өткізу туралы ұсыныстар айтылатын болады», - дейді Ардақ Самамбетов. Сонымен қатар, басқарма басшысы мемлекетаралық, республикалық және өңіраралық деңгейде Байқоңыр қаласының жер телімдерін пайдалану туралы мәселе шешімін тапқанын айтты. Облыстың аумағын ұлғайтып, Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру, ондағы жер телімдерін бөлу жұмыстары да шешілген.
Семинарда басқа да өзгерістер туралы сөз болды. Мәселен, заңбұзушылықтар картасын жасақтау, кедендік және салықтық заңнаманы жеңілдету, өндіріске инвестиция тарту сияқты тақырыптар да назардан тыс қалған жоқ.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген