- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның төл әскері кәсіби мамандармен толығуда
Қазақстанның төл әскері кәсіби мамандармен толығуда
Мәліметтерге сәйкес өткен 12 ай ішінде жергілікті әскери басқару органдарына қазақстандық армияға келісімшарт негізінде қызметке орналасуға барлығы 6 000-ға жуық адам ниет білдірген. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде ҚР ҚК сержанттар мен сарбаздар лауазымдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақталуы қазіргі кезде штаттық саннан 71% деңгейінде тұрақталды.
ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің хабарлауынша, 2015 жылы жүргізілген талдау мәліметтері бойынша келісімшарт негізінде әскери қызметке қабылданған әскери қызметшілердің саны да арта түсті. Іріктеу жүйесін жетілдірудің арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл ретте наркологиялық тестілеуді қоса есептегенде моральдық-психологиялық, кәсіби қасиеттері мен денсаулық жағдайына ерекше мән беріледі. В, С санатындағы жүргізушілер, байланыс, медицина, бағдарламалық қамтамасыз ету мамандары үлкен сұранысқа ие.
Келісімшарт бойынша қызмет – саналы және кәсіби тұрғыда еркін түрде өз Отанының қорғаушысы атанудың мүмкіндігі. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Әскери қызметші мен оның отбасы мүшелері баспанамен қамтамасыз етіледі немесе тұрғын үйді жалға алғаны үшін ақшалай үстемеақы алады. Сондай-ақ тегін медициналық ем-дом қабылдау қарастырылған. Қызметтен босатылу кезінде жиырма жылдан астам еңбек өтілі бар әскери қызметшілер әскери-медициналық мекемелерде медициналық қызметтерді алуды жалғастырады, ал жиырма бес жылдан аса еңбек өтілі барлары санаторлық-шипажайда ем қабылдайды. Баспана алу және медициналық қызмет көрсетілуден басқа, келісімшарт негізіндегі әскери қызметші мен оның отбасы мүшелері қоныс аудару кезінде әуе, теміржол, су және автокөлік қызметтерін тегін алады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Өзін-өзі оқшаулауды бұзғандар қанша айыппұл төлейді