- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді (ФОТО)
ҚР Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді (ФОТО)
Оқу дабылының белгісі бойынша Қарулы Күштердің, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылық әскерлерінің барлық түрлері көтерілді. Өткізілетін сабақтардың басты мақсаты белгіленген мерзімде қойылған тапсырмаларды орындауда басқару органдары мен жеке құрамның іс-қимыл үйлесімін арттыру болып табылады.
Бас штабтың пәрмені бойынша Құрлық әскерлерінің топтамасы оқу-жаттығу орталықтары мен полигондарда оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кірісті. Әуе қорғанысы күштерінің құрамынан әуеге жауынгерлік кезекшілікті атқаратын күштер мен құралдар көтерілді, әртүрлі типтегі авиациялық техника қозғалтқыштарының іске қосылуы жүзеге асырылды, қосалқы әуеайлақтар пайдалануға дайындалды. Корабльге қарсы, әуеге қарсы және суастыға қарсы диверсиялық қорғаныс бойынша оқу тапсырмаларын пысықтау үшін теңізге Әскери-теңіз күштерінің корабльдері шығарылды.
Қарулы Күштердің топтамасын жалпы басшылыққа алу Стратегиялық басқару орталығынан ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовпен жүзеге асырылады. Өткен жылғы желтоқсанның соңында ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесуде ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев әскери қызметшілерге қарулы шиеленістердің жаңа үрдістері мен ерекшеліктерін ескеру, осы жылы іске асырылатын кәсіби, жауынгерлік және моральдық-психологиялық дайындықты арттыру жөнінде ұдайы жұмыс жүргізу тапсырмасын жүктегенін естеріңізге сала кетейік. Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлығының деңгейін сапалы арттыру үшін 2015 жылы 170-тен аса жоспарлы тексеріс өткізілді. Оның ішінде, 71-і – Құрлық әскерлерінде, 17-сі Әуе қорғанысы күштерінде, 1-еуі – Әскери-теңіз күштерінде, 85-і басқаларда. Биылғы жылы жауынгерлік сайыстың «Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» атты жалынды ұранымен кенеттен және жоспарлы тексеріс іс жүзінде жалғасын тауып, оның қарқындылығы күшейтіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары