- Басты
- Жаңалықтар
- Әлфия Кәрімова Италияда «Дон Жуан» премьерасына қатысады
Әлфия Кәрімова Италияда «Дон Жуан» премьерасына қатысады
Қазіргі уақытта әнші Италияда өзінің жұмысына кірісті. Театрдың жетекші солисті бұл рольге үлкен жауапкершілікпен қарайды, себебі оны алғаш рет орындайды және ол – әдемі, драмалық күрделі арияларға және нәзік те сазды бірқатар ансамбльдік көріністерге толы. Әрбір жаңа сахналық бейне әрқашан хикаяларға, күтпеген оқиғаларға, мейрамдарға толы, сондықтан қажымас еңбекті талап етеді, деп атап өтті Әлфия Кәрімова.
"Вокалист маманы үшін дайын ешнәрсе жоқ: жетекші партияларды орындау уақытты, үздіксіз жаттығуларды талап етеді, әйтпесе әрі қарай даму мүмкін емес. Моцартты шырқау өте күрделі, мұнда дауыстың ырғақтала төгілуі, аспаптарға ілесе алуы, екпінді игеру, вокал позициясын дәл қою және жүз пайыз дауысты игере алу сияқты шеберлік қажет", - деп бөлісті әнші.
Қоюшы Розетта Куккидің нұсқасына сай опера желісі 1980 жылдардағы Америкаға ауыстырылды. Ең инновациялық итальяндық операның заманауи режиссерлерінің жарқын да батыл спектаклі аса зор көрнекі әсер береді. Дон Жуан – сәнқой бардың жұлдызы, сондықтан ол айналасындағы әрбір әйелдің жүрегін жаулауға тырысады. Әлфия Кәрімованың кейіпкері Донна Анна әйелқұмар Дон Жуанды еліктірген талғампаз бикеш. Қойылымдағы көптеген қызықты идеяларға, таңғаларлықтай тапқыр идеялар мен әсерлі шешімдерге қарап, операның жеке көзқарасты білдіретін нұсқа екенін түсіну қиын емес.
Дон Жуан партиясын Микеле Патти орындайды, Лепорелло – Лучано Леони, Командор – Грэм Бродбент, Дон Оттавио – Патрик Вогель, Донна Эльвира – Раффаэлла Лупиначчи, Церлина – Лилиа Гамберини, Мазетто – Роберто Майетта. 31 қаңтарда - маэстро Кристоф Поппен, 2 және 6 ақпанда Пабл Ассанте дирижерлік етеді.
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
COVID-19: Италияда "Спутник V" жоғары бағаланды, Британияда коронавирустың жаңа вариациясы табылды -
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун -
Қай пратиялар сайлауға қатысады, тіркеу қашан басталады -
Шерзод Пулатов: Сайлауға Ассамблеяның қызметіне, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтар қатысады -
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Парламент сайлауына қатысады -
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Мәжіліс сайлауына қатысады -
Праймериз: Іріктеуге кімдер қатысады, өту тәртібі қандай/Үміткерлерге қандай талаптар қойылады -
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады -
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады - А.Аймағамбетов -
Түркістанда ҰБТ-ға 18 634 түлек қатысады -
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады -
Қ.Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады -
Қазақстан ОПЕК министрлер вебинарына қатысады