- Басты
- Жаңалықтар
- 300 мыңнан астам елордалық скринингтік тексеруден өтті
300 мыңнан астам елордалық скринингтік тексеруден өтті
Инновациялық және жоғары технологиялық медицинаны жетілдіру және енгізу бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізіледі. Қазіргі кезде қалада көп профильді клиникаларда қан айналымы жүйесі ауруларын емдейтін кардиологиялық бөлім, инсульт орталығы, гемодиализ, травмотология және ортопедия, балаларға, жүктілерге ортодонттық көмек көрсету орталығы табысты жұмыс істеп жатыр.
2015 жылы №2 қалалық ауруханада 1569 кардио-интервенциялық ота жасалды, бұл 2014 жылдың (1404) сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,5% (165) артық.
Жалпы, Астана қаласының инсульт орталықтарында былтыр 1847 науқас емделді, 2014 жылы бұл көрсеткіш 1655 құраған.
Елордада денсаулық сақтау саласын дамытудың маңызды бағыттарының бірі – соңғы бірнеше жыл бойы №1 қалалық аурухананың базасында дамытылып жатқан трансплантология болып табылады. 2015 жылы елордалық дәрігерлер таяу және қиыр шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасты, бөлімнің жетекші мамандары Австрия, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей мемлекеттерінде сынақ ісінен өтті, қазіргі кезде туыстар бауырын трансплантациялау және тірі донордан бүйректі ауыстырып салу бойынша операциялар сәтті өткізіледі. 2013 жылдан бері 29 трансплантация жасалды, соның ішінде 12 бүйрек пен 17 бауыр ауыстырылды.
Елордалық денсаулық сақтау саласында қызмет ететін ұйымдардың аумағын және кіреберіс жолдарды абаттандыру және материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту да медициналық кластерді дамытудың басты міндеті болып табылады. Бүгінде Ақбидай көшесі, 15 көшесі мекенжайында орналасқан №3 қалалық емхана ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен жылы 191 бірлік жабдық сатып алынды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты