- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның сот залдары аудиобейнебайқау құралдарымен жабдықталуда
ОҚО-ның сот залдары аудиобейнебайқау құралдарымен жабдықталуда
ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс сотының төрағасы Н.Шәріпов Ұлт жоспарында «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» реформасында сот жүйесіне қатысты 11 мақсатты қадамның көрсетілгенін айтып, аймақтағы іске асыру жұмыстарынан мысал келтірді.
«100 нақты қадамның 20-қадамында көрсетілген міндеттерге қатысты, сот жүйесінде бірқатар жұмыстар іске асырылды. Мәселен, бүгінгі таңда Жоғарғы Соттың жанындағы департамент тарапынан барлық сот процестеріне аудиобейнетіркеу (АБТ) жүйесін енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Былтыр ОҚО бойынша 33 сот залы АБТ жүйесімен жарақтандырылған болса, биыл жыл басында олардың саны 46-ға жетті. Сот залдарындағы аудио және видеожазу жазбаларын тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкіндік берілмейді. Бұл судьяларды және сот мәжілісіне қатысушыларды да тәртіпке шақырып, сот процесі мен сот қабылдаған шешімнің объективтілігін қамтамасыз етеді. Жалпы, облыста 102 сот залы бар», - деді сот төрағасы.
Мемлекет басшысы ұсынған Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытында медиа-жоспар бекітіліп, облыста жүйелі жұмыстар жүргізілді. Мәселен, өңірдегі 181 судья аудан, қалалардағы ірі кәсіпорындармен және мемлекеттік мекеме ұжымдарымен кездесіп, оларға 16-26-қадамдарда айтылған мәселелерді жан-жақты түсіндіріп, жергілікті әкімдермен бірлесіп елді мекендерді аралады. Осы бағытта облыс соттарының судьялары мен қызметкерлері тарапынан БАҚ-та 434 материал жарық көрген.
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Қазақстандық сот орындаушылары борышкерлерден алимент өндіріп алды -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы -
Сот-сараптама реформалары: сот дәрігерлерінің еңбекақысы, мәйітхана ғимараттары мен жаңа Заң жобалары -
Сот жүйесінің реформасы және өзекті мәселелері -
Түзету мекемелерінде сотталғандармен жұмыс қалай жүргізіледі -
Судья: Жаңа Кодекске сәйкес азаматтар Сотта көп жағдайда жеңіп шығады -
Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандар мерзімнен бұрын шартты түрде босатылмайды -
Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос лауазымдарына конкурс жариялады -
Жоғары Сот судьясы: Соңғы кезде судъяларға қоғамдық қысым күшейді -
Жасотандықтардың жаңа бағдарламасында қандай жаңашылдық бар -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты -
Мемлекет басшысына сот жүйесінің қайта құрылуы жөнінде мәлімет берілді