- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл сайын Қарулы Күштерінде кәдеге жаратылатын оқ-дәрілердің саны артуда
Жыл сайын Қарулы Күштерінде кәдеге жаратылатын оқ-дәрілердің саны артуда
Оқ-дәрілерді пайдаға асыру үдерісі кәдеге жаратудың екі учаскесінде Арыс қаласы мен Отар станциясында жүргізіледі. Ол жерде арнайы жабдық, оның ішінде модульдер бар. «Жабдықтың осы түрлерінде оқ-дәрілерді бөлшектеу, порохтарды ажырату, тротилды қорыту, яки, оқ-дәрілерді алудан бастап толық бөлшектегенге дейін және әрі қарай іске асырылатын кәдеге жаратылатын өнімдер алуға дейін жүргізіледі және қаржы мемлекет бюджетінің кірісіне түседі.
Сақталуы бойынша мерзімі өтіп кеткен оқ-дәрілер тиісті санатқа ауыстырылады және пункттерімізде кәдеге жаратылады. Олардың арасында 40-ншы жылдардың соңындағы, 50-60-ыншы жылдардағы оқ-дәрілер де бар», - деді «Қазтехнология» АҚ кәдеге жарату департаментінің директоры Ербол Әлібеков. Кәдеге жарату әрі қарай қара және түрлі-түсті сүймен ретінде іске асырылуы мүмкін материалдарды бөлшектеу және алу әдісімен жүргізіледі. Порох пен тротил – жарылғыш заттар бөлек іске асырылады. Мамандардың айтуынша, статистика бойынша кәдеге жаратылатын оқ-дәрілердің саны жыл сайын арта түсуде. Техника қауіпсіздігін сақтау мен жетілдіруге де аса мән берілуде.
«Біз технологияны өзгертіп, оны жақсарттық. Порохтарды ажырату әдісін біз әбден өзгерттік, жазатайым оқиғалардың орын алу ықтималдылығы барынша азайтылды. Әртүрлі оқытуды жүргіземіз, қосымша жабдық, қорғаныс құралдары сатып алынуда, еңбекті күзету мен өндірістегі қауіпсіздік жөнінде мамандардың қосымша лауазымдары енгізілді. Кәдеге жарату бойынша операциялардың барлық түрлері бейнебақыланып отырады», - деді Ербол Әлібеков. Кәдеге жарату өнімдерін іске асыру нәтижесінде 2015 жылы республикалық бюджетке 322 млн. теңге аударылғанын айта кеткен жөн.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты