• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық пойыздардың сервистік персоналы «жаңа жолсеріктермен» толығады

Қазақстандық пойыздардың сервистік персоналы «жаңа жолсеріктермен» толығады

8 Қаңтар, 2016 18:41
Жолаушылар пойыздарының сервистік персоналы жаңа жылдан бастап «жаңа жолсеріктермен» толығады. Олардың жетекшілігін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрдәулет Қилыбай атқарады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Бұл бастамашылыққа компания ҚТЖ-дағы жолаушылар тасымалы жүйесіндегі тұңғыш рет, негізінен, пойыздардағы сапалық қызметті жетілдіруге, жолсеріктердің өз міндеттерін атқаруын жақсартуға бағыттағалы отыр.

Қарапайым пойыздар қатынайтын он тоғыз бағдарға «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 30 менеджері шығады. Олар сапарға шығар алдында вагонды сумен, жылу отынымен, төсек жабдықтарымен қамтылуын қарап, жылжымалы құрамның техникалық жағдайын тексереді.

Менеджерлер сапар барысында өзекті мәселелермен нақты сол орындарда танысып, қазақстандық пойыздарда сервистік қызметті  жақсартуға ықпал етпек.

 

 

Барлық жаңалықтар