- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да ауыл шаруашылығына бөлінетін инвестиция көлемі өсіп келеді- А. Мамытбеков
ҚР-да ауыл шаруашылығына бөлінетін инвестиция көлемі өсіп келеді- А. Мамытбеков
Студенттерге ауыл шаруашылығы туралы сандық түрде мәлімет беріп жатып, министр өткен жылғы аталмыш салаға бөлінген инвестиция көлемін атап өтті. «2012 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 22%-ға (133,9 млрд. теңге) өсті. Ауыл шаруашылығына тартылған инвестицияның өсімі экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда ең жоғарғы болып табылады.Десек те, абсолюттік сандар мен инвестициялар көлемінің жалпы өнімге ара қатынасы басқа салалармен салыстырғанда ауыл шаруашылығы саласының артта қалғандығын айғақтайды»,-деді А.Мамытбеков.
Осы мәселені шешу, инвестициялық тартымдылықты жасау аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен «Агробизнес-2020» жаңа бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдарын қарастырады, деп атап өтті А.Мамытбеков.
Естеріңізге сала кетсек, 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аргарлық сектор мәселелерін қарастырған еді. Қазақстан Президенті елімізде қаржы жетіспеушілігі байқалса да, азық-түліктің тұрақтандырма қорларын қаржыландыру жалғаса беруі қажет екенін атап өтті. Алайда 5 млрд теңге немесе бөлінген қаражаттың 40 пайызы депозиттерде жатыр және қолданылмайды. Бұған қоса, тұрақтандырма қорлардың қызметіне қарамастан, бірқатар қажетті азық-түліктерге баға шарықтап кетті. Мемлекет қолдауына ие болып отырған көптеген жобалар тиісті нәтиже көрсетіп отырған жоқ, деді Елбасы жиналыс барысында.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады