Н.Ерімбетов: Этникаралық қарым-қатынас мәселесі – ең маңызды мәселе

8 Қаңтар, 2016 16:05
Этникаралық қарым-қатынас мәселесі – ең маңызды мәселе, деді ҚР Президенті жанындағы «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Нұрлан Ерімбетов.

«Мен бұл мақалада маған әсер еткен тұсты айтқым келеді. Оны оқыған соң сан түрлі әсер алдым. Мен одан әрі өмір сүруді ойладым, балаларыммен қарым-қатынасты қалай жасауды ойластырдым, себебі әрбір адам өзінің тағдырына жауап береді. Барлығын билікке жүктеу жөн емес. Жұмыс істеу қажет. Өз-өзіңмен жұмыс істеу қажет», - деді Н.Ерімбетов.

Альянс президенті өз сөзінде Елбасының мақаласындағы «Реформалар сәттілігі – ұлттық бірлікке ұмтылуы» бөліміне назар аударғанын айтты.

«Маған Елбасының біздің бірлікке ұмтылуымыз туралы айтылған идеясы ұнады. ҚХА-ның рөлі мен халықаралық қарым-қатынас – ең ащы мәселе. Бүгінде көптеген мемлекеттер ішкі түсінушілік болмағаннан кейін құлдырауға душар болды», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар