• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Өтебаев: Ұлт жоспары – Қазақстанның ұзақмерзімді экономикалық дамуына бағытталған дағдарысқа қарсы негіз

М.Өтебаев: Ұлт жоспары – Қазақстанның ұзақмерзімді экономикалық дамуына бағытталған дағдарысқа қарсы негіз

8 Қаңтар, 2016 15:57
Бүгінде Елбасының Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» жоспарын жүзеге асыру – республиканың 30 дамыған елдің қатарына енудегі ілгерілеу болып табылады. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында «Нұр Отан» партиясының Екібастұз филиалының саяси кеңесінің мүшесі, тарихи ғалымдардың кандидаты, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры Марат Өтебаев мәлімдеді.

«Ұлт көшбасшысының идеялары мен жоспарлары Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында өтіп отырғаны бекер емес. Меніңше, Елбасының мақаласы жаңа мақсаттарға жетудегінақты жоспар болып отыр, ел гүлденуінің жаңа сатысы болып табылады. Айта кетерлігі, мақала елдің экономикасының одан әрі дамуының дағдарысқа қарсы жоспары болып табылады. Елбасының мақаласы конструктивті нақты бекітілген құжат болып табылады. Халыққа түсінікті кезеңді бағдарлама көрсетілген. Ұлт көшбасшысы көптеген өзекті проблеманы ашып көрсеткен. Елбасының мақаласында қоғамның барлық саласын үздіксіз жаңғырту туралы айтылған», - деді ғалым.

Сарапшының айтуынша, әрбір қазақстандық Ұлт жоспарының жүзеге асуына өзіндік үлес қосуы керек. Сол кезде Елбасы Н.Назарбаев жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыруға болады.

«Елбасының Ұлт жоспарын жүзеге асыру Қазақстанға экономиканы нығайтып қана емес, өзін әлемдік аренада жоғары еңгейде таныстыруға мүмкіндік береді.

Әрбір қазақстандық Елбасының мақаласындағы мән мен мазмұнды терең ұғынуы тиіс. Себебі, оның басты көздейтін мақсаты елдің дамыған 30 елінің қатарына ену.

Елбасының бұл мақаласы  азаматтық ұстанымы белсенді адам ретіндегі мен үшін өте маңызды құжат болып саналады.

Барлық қазақстандықтарды Елбасы мақаласында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруға шақырамын», - деді ол.

Барлық жаңалықтар