- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада су тасқынын алдын ала хабарлау бойынша жұмыстар басталды
Қызылордада су тасқынын алдын ала хабарлау бойынша жұмыстар басталды
Ауа райының жылылығына байланысты биыл дария бетінде қалың мұз қатқан жоқ. Тек Қазалы, Арал аудандарында ғана шағын мұз қатқақтары шоғырланған. Дегенмен мұның өзі бөгеттің сөгілуіне алып келуі мүмкін.
Қазіргі таңда Шардара мен Көксарайдан секундына 600 текшеметр су келуде. Өзен бойында жырылу қаупі жоғары 27 бөлік анықталды. Сондай-ақ мамандар 21 гидротехникалық құрылғы жөндеуден өтуі тиіс деп санайды. Қазірде бөгеттер нығайтылып, су қабылдауға қауқары бар арналар аршылды. Оқыс оқиға болған жағдайда тұрғындарды көшіретін 100-ден астам бекет әзірленді.
«Қызылорда облысының аумағындағы 7 аудан және қала төңірегінен өтетін осы Сырдария өзенінің жағалауында жалпы 71 учаскеге бөлініп, жергілікті атқарушы орган тарапынан мекемелер және арнайы техникалармен және жүк тасымалдағыш техникалар, адамдар арнайы бекітілген. Күнделікті су қаупі болған жағдайда дер кезінде хабардар ету және жою бағытында шұғыл әрекет ету ұйымдастырылған», - деді облыстық ТЖД бөлім басшысы Марат Қобыландиев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды