ИИДМБ: ОҚО-да 11 индустриялды аймақ құрылуда

8 Қаңтар, 2016 17:23
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен осыдан 6 жыл бұрын қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бүгінде ел экономикасының дамуында шешуші рөл атқарып келеді. Сонымен қатар, шағын бизнестің өркендеуіне ықпал етіп, шикізат экспорты артуда, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бұл бағытта Оңтүстік Қазақстан облысында атқарылған жұмыстар ауқымды. Мәселен, облыс шеңберінде 11 индустриялық аймақ құру жұмыстары жүргізілуде. Олардың ішінде бүгінде Шымкент қаласындағы 337 га, Түркістандағы 40 га және Созақ ауданындағы 50 га болатын индустриялды аймақтарда инфрақұрылым тартылып өз жұмысын бастаған.

Шымкенттегі «Оңтүстік» индустриялды аймағында жалпы құны 73,7 млрд.  теңгені құрайтын 71 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Онда 5 мыңға жуық жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 71 жобаның 35-і іске қосылып, 2,8 мың адам еңбекпен қамтылған. Жүзеге асқан жобаларға 18,2 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды. Ал аудан, қалалардағы индустриалды аймақтарда орналастыруға 1,5  млрд. теңгені құрайтын, 79 инвестициялық жоба мақұлданып отыр. Онда 8621 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, бүгінде 5 жоба іске қосылып, 571 азамат жұмыспен қамтылған.

Өңірде индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 869 млрд.тг. құрайтын және 19,9 мың жұмыс орнының ашылуымен 115 жоба жүзеге асырылуда. 2015 жылы инвестиция көлемі 44,6 млрд.тг. құрайтын 27 жоба іске қосылған.

Облыста бағдарламаның бірінші бесжылдығында  189 млрд. теңге инвестиция тартылып, 137 жаңа жоба іске қосылды. Нәтижесінде 11 мыңнан астам азамат жаңа жұмыс орнымен қамтылды. Бұл - республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2010-2014 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемі 255,8 млрд. теңгеден

604 млрд. теңгеге, яғни 2,4 есеге, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2,4 есеге 168,7 млрд. теңгеден 397,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Ал өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2,1 есеге, 36,4 мың АҚШ долларынан 76,3 мың АҚШ долларына дейін өсті. Сондай-ақ, шикізаттық емес тауарлардың экспорт көлемі 1,7 есеге артқан.

 

Барлық жаңалықтар