- Басты
- Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» трансформация бағдарламасы аясында белсенді инвестор ретіндегі басқару үлгісіне көшеді
«Самұрық-Қазына» трансформация бағдарламасы аясында белсенді инвестор ретіндегі басқару үлгісіне көшеді
Қордың коммерциялық бөлігі айтарлықтай күшейтіледі: қызметкерлердің 60 %-ы жаңа салаларды жандандырып, қазіргі стратегиялық активтер қоржынын басқарумен айналысатын болады
Қордың жаңа қызмет үлгісі үш бағыттан тұрады: коммерциялық қызметтер (қазіргі активтер қоржынын басқару және жаңа компанияларды, индустрияларды дамыту), корпоративтік қызметтер (қаржы, адам ресурстарын басқару, операциялық қолдау) және мониторинг қызметі (жаңа комплеанс қызметін қоса алғанда).
«Самұрық-Қазына» АҚ хабарлағандай, жаңа ұйымдастырушылық құрылымда басқарма төрағасы орынбасарларының позициялары қысқартылып, топ-менеджерлердің саны 16-дан 9 басқарушы директорға дейін азайтылған.
Қызметтің қазіргі бағыттары, қор алдында тұрған пайда түсімін ұлғайту мен салалық қызмет түрлерін жинақтау міндеттері ауқымында қайта топталып, бөлінетін болады. Жаңа ұйымдастырушылық үлгі BCG, Deloitte сарапшыларының қатысуымен, көп салалы холдингтер мен дербес ұлттық әл-ауқат қорларына қолданылатын озық әлемдік тәжірибе негізінде жасалды.
Осы тұрғыда, Қор болашақта қоржын компаниялардың қызметін үйлестіретін әкімшілік реттеуші емес, өзіндік құнды арттырып, пайда түсімін ұлғайтатын ұйымға айналады. Қор бірінші кезекте коммерциялық ұйым ретінде жұмыс жасайтын болады.
Сонымен қоса, қор мен оның қоржын компанияларын трансформациялаудың алғашқы нәтижелері зерделенді.
Қордың өз ішінде екі мыңдай үдеріс сынға ұшырап, түбегейлі қайта қаралды, қызметтің негізгі түрлерінің жүйесі енгізілді.
Жылдық жиналысқа қазақстандық, халықаралық сарапшылар қатысып, Қор компаниялары тобының трансформациясы жөнінде және одан күтілетін нәтижелер туралы өз ойларымен бөлісті. Жиын ашық, конструктивті пікірталас жағдайында өтті.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы