- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс ҚР мен Чехия арасында қосарланған салық салуды болдырмау тұжырымдамасына өзгерістер енгізуді қарайды
Мәжіліс ҚР мен Чехия арасында қосарланған салық салуды болдырмау тұжырымдамасына өзгерістер енгізуді қарайды
Олар: Чехиямен Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы, сонымен қатар, Қазақстан мен Үндістан арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялауға қатысты болмақ.
Сондай-ақ, осы күні Қазақстанмен энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына және жастар корпусын дамытуға арналған бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы грант туралы (Жастар корпусын дамыту жобасы) келісімді ратификацияланады деп күтілуде.
Жобаның мақсаты жастардың, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының қоғамдастық өміріне тартылуын ынталандыру, сондай-ақ қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламалары арқылы олардың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту болып табылады.
Жалпы отырыста ілеспе құжаттармен төлемдер және төлем жүйелері, коллекторлық қызмет, халықты жұмыспен қамту туралы заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалатын болады.
Осы күні Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Молдова үкіметтері арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және оны іске асыру бойынша атқару хаттамасын, сонымен бірге, Қырғыз Республикасымен өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы үкіметералық келісімді, 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және қордың қаражатын басқару туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, сондай-ақ, бір тараптан ЕАЭО пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді, Қазақстан мен Словак арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заң жобаларын жұмысқа қабылдамақ.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері