Қазақстанда өрттің 80 пайызы тұрғын үйлерде болады

8 Қаңтар, 2016 12:34
Қазақстанда өрттің 80 пайызы тұрғын үйлерде болады, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Р. Иманқұлов «Тұрғын сектордағы өрттердің алдын алу бойынша ескерту шаралары» тақырыбындағы брифингте.

«Қабылданып жатқан шаралар тұрғын секторда болған өрт санын 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда барлық бағыт бойынша бірнеше есеге азайтуға мүмкіндік берді. Атап айтсам, республика аумағында тұрғын сектордағы өрт саны шамамен 5%-ға азайды, ал өртте қаза болғандардың саны шамамен 14%-ға азайды», - деді Р.Иманқұлов.

Бұрын айтқанымдай, көп жағдайда өрттердің басым бөлігі тұрғын секторда болады, онда адамдар қаза болады және жарақат алады.

«Өрт туындауының негізгі себептері отты абайсыз пайдалану, электр құралдарын орнату және пайдалану қағидаларын бұзушылық, пештерді орнату және пайдалану қағидаларын бұзушылық болып қалады», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар