- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған жалпыұлттық жоба бастау алды
Ақтөбеде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған жалпыұлттық жоба бастау алды
«Қоныс» спорт сарайында өткен шараға 4 мыңдай адам қатысқан. Бір сағаттық татрландырылған көріністер Қазақстанның тарихының барлық тұстарын қамтыды.
«25 жылда талай өзгеріс болды. Қазақстан 70-тен астам халықаралық ұйымның белді мүшесі атанды. Елімізде көптеген ірі-ірі шаралар, саммиттер, форумдар өткізіледі. Осы уақытқа дейін елімізде жалпы ішкі өнім де, экономикаға тартылған инвестиция да 40 есе артты. 1993 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 1000 есеге дейін жоғарылады. Халықтың өмір сүру жасы 72-ге дейін көтеріліп, бала туу көрсеткіші 68 пайызға өсті. Соңғы 5 жылдың ішінде ғана елімізде индустриалды даму бағдарламасы аясында 950 жаңа кәсіпорын құрылып, 250 мың жаңа жұмыс орны ашылды.», деді жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Аймақ басшысы сапарға шығатын үгіт пойызына ақ жол тілеп, оның бастамашысы «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының ақ туын тапсырып, шығарып салды.
«Үгіт пойызы қаңтар-ақпан айларында облыстың барлық аудандарын аралап шықпақ. Оның құрамында «Нұр Отан» партиясының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері медицина қызметкерлері, заңгерлер бар. Негізгі мақсат - облыс халқына 25 жылда жеткен жетістіктерді, атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттау, тұрғындарға қажетті медициналық, заңгерлік көмектерін беру, ауылда шағын және орта бизнесті құру бойынша кеңестер ұсыну.Үгіт пойызын шығарып салғаннан кейін сарайдағы мереке әрі қарай жалғасты. Театрландырылған қойылымның шешуші бөлімінде осы тарихи датаға дейінгі «кері қарай есептеу» сәттері әдемі көрсетілді.
Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойын тойлайтын жылда облыста барлығы 5 мыңнан астам әртүрлі шаралар өткізілмек. Ал Ақтөбеден бастау алған шара еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасын табады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды