• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да 2016 жылдың наурызына дейін МЖС-ні жүзеге асыру бойынша Жол картасы әзірленеді

ҚР-да 2016 жылдың наурызына дейін МЖС-ні жүзеге асыру бойынша Жол картасы әзірленеді

8 Қаңтар, 2016 11:48
Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспарының 54-ші тармағына сәйкес мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті жүзеге асыру бойынша Жол картасы әзірленеді, деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов ҚР «Мемлекеттік жеке меншік серіктестік»: МЖС жобаларын өткізу мен әзірлеу мен байқау өткізудің тәртібі» Заңының қосымшасын түсіндіру бойынша өткен семинарда.

«Заң Елбасының 5 институционалдық реформаны жүзеге асырудың «100 қадамының» 54-шісі бойынша әзірленді. Заңның мақсаты мемлекеттік және жеке сектор арасында ұзақмерзімді ынтымақтастықты  қалыптастыру болып табылады. Заңның міндеті бюджет пен жеке секторды мемлекеттік активтерді басқаруға тарту болып саналады. «МЖС туралы» жаңа заңды жүзеге асыруда қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылдау қажет – бұл ҰЭМ-нің 6 бұйрығы, 3 қаулы, 1 ҚР Президентінің Жарлығы. Осы шаралар арқылы қажетті МЖС заңнамалық және әдістемелік базасы әзірленді», - деді М.Құсайынов.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда МЖС дамыту орталығы «МЖС қазақстандық орталығы» АҚ анықталып отыр, олар сараптама мен мемлекеттік инвестициялық жобалардың бағасын жүргізеді.

«МЖС-ні одан әрі дамыту үшін жылына кем дегенде 5 жобаны жүзеге асыру қарастырылған. Бұл Үкіметтің тапсырмасын бір жыл ішінде қалыптастырамыз деген үміттемін. Сондай-ақ, 2016 жылдың наурызына дейін МЖС-ні  жүзеге асыру бойынша Жол картасы әзірлеу қажет», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар