- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда соңғы 7 жыл ішінде бірде-бір дифтерия жағдайы тіркелген жоқ
Қазақстанда соңғы 7 жыл ішінде бірде-бір дифтерия жағдайы тіркелген жоқ
Халықты иммундау мақсатында дифтерия, көкжөтел, сіреспеге қарсы иммунитетті жасау үшін кешенді вакцина қолданылады. Вакциналау ҚР Ұлттық екпе күнтізбесіне сай 2 айдан бастап 60 жасқа дейін жасалады.
Дифтерия – ағзаның барлық мүшелері мен жүйесін зақымдайтын, ауыр түрде өтетін жұқпалы ауру. Дифтерия ауруы дене қызуының жоғарылауы, жалпы әлсіздіктен басталады да, жұтынғанда ауырсыну белгілері байқалады. Көп жағдайда адамдар аурудың алғашқы белгілерін баспа (ангина) деп қабылдап, өздігінен емдеуді бастап кетеді. Бұл дифтерия жағдайында өте қауіпті. Жұқпалы ауру сырқаттанған адам немесе ауруды тасымалдаушы сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде ауаға таралатын бактериялар арқылы жұғады. Дифтерия таяқшалары мұрын, аңқа, жоғары тыныс жолдарының шырышты қабатына түскенде жылдам көбейіп, орталық жүйке жүйесін, тамырлар мен жүректі зақымдайтын ерекше дифтериялық улы затты бөледі.
Дифтерия өзге жұқпалы ауруларға қарағанда, көптеген асқынуларға: жүрек бұлшықетінің, тыныс алу жолдары мен диафрагма, жұмсақ таңдай, бет, мойын, дене және қол-аяқ бұшықетінің сал ауруларына әкеледі. Мұндай жұқпалы дертте өлім қаупі жоғары, жыл сайын 10-нан 20%-ға дейін ауруға шалдыққан сырқат адамдардың өліміне әкеледі.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын Қазақстанда жұқпалы ауруларға қарсы 5 млн-ға жуық адам, оның ішінде 1,3 млн. балалар егіледі. Иммунопрофилактика саласындағы мемлекеттік саясат ескерту шараларына бағытталып, сырттан тасымалдау жағдайында жұқпалы ауруларды оқшаулау мен жоюға негізделеді. Халықты вакциналау 21 жұқпалы ауруларға қарсы Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес тегін жүргізіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты