Қарағанды облысында баламасы жоқ өндіріс ошағы ашылады

8 Қаңтар, 2016 10:59
Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков «Carmeuse» бельгиялық тобының президенті, Директорлар Кеңесінің төрағасы Рудольф Коллинетпен кездесті, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Әлем бойынша ондаған зауыты бар және металлургиялық өндіріс мақсаттары үшін әк өндірісінде көшбасшы есептелетін Carmeuse Group трансұлттық корпорация болып табылады. 

Жиын барысында Осакаров ауданында жоғары сапалы әк өндіретін зауыт салу жобасы жан-жақты талқыланды. 

Жоба металлургиялық, химиялық және тағам өнеркәсібі кәсіпорындарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 1-ші сұрыпты әк өндіру бойынша өндірістік кешен құрылысын көздейді.
Кешенді салу тікелей шетел инвестициясы, яғни Carmeuse Group есебінен жүзеге асырылады. Инвестиция көлемі - 8 млрд теңге. Жобаны іске асыру 105 жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал етеді.
Жобаның инновациялығы қолданылып отырған технология тұтынушылардың техникалық талаптарына лайықталған, реакциялық қабілетімен 1-ші сұрыпты жеңіл күйдірілген әрі қатты күйдірілген әк өндіруге мүмкіндік беруін қамтиды.

Атап өтерлігі, аталған жоба өңірлік Индустриаландыру картасына енеді.

Барлық жаңалықтар