Қазақстанда судья болу қиындай түседі - сарапшы

7 Қаңтар, 2016 13:57
Қазақстанда судья болу қиындай түседі.Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстанның Азаматтық Альянсы менеджері, «Еуразиялық сарапшылық кеңесі» қоғамдық қорының президенті Шыңғыс Лепсібаев мәлім етті.

«Судья зейнетке шыққан кезде ағымдағы жалақысынан 65 пайызын алатын болады. Бұл өз кезегінде біріншіден, судьялық корпус арасында олардың тұрақтамауын төмендетіп, екіншіден, осы қызметке деген қызығушылық артады»,-дейді Ш. Лепсібаев. 

Мұнымен қоса, «Сот жюриі» деген түсінік енгізіледі және олар барлық даулы мәселелерді қарастыратын болады, соның ішінде судьялар қызметі бойынша мәселені қамтиды. Осы орайда Қазақстан азаматтарына Жоғарғы Сотқа жолығу айтарлықтай жеңілдейді.

«Қазіргі кезде Жоғарғы Сотқа жүгіну өте күрделі әрі үлкен проблема. Бұл тұрғыда осы проблема шешілетін болады»,-деді ол.

Барлық жаңалықтар