- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның барлық деңгейдегі әкімдері Елбасының тапсырмасын орындау бойынша есеп берді
ШҚО-ның барлық деңгейдегі әкімдері Елбасының тапсырмасын орындау бойынша есеп берді
«Жалпы экономика, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, қоғамдық қауіпсіздік, халықтың әлеуметтік қамсыздандырылуы мен қоғамдық саясат жағдайы туралы биылғы жылдың тоғыз айындағы жағдайынан есеп берілді», - делінген хабарламада.
Өңірдің дамуында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Мысалға, Глубокий ауданының әкімі Нұрлыбек Шерубаевтың айтуынша, аталмыш аудан қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарына кіреді. Өнімділік көрсеткіші 23,1 млрд. теңгеге жетіп, былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 8,5%-ға артқан.
«Үкімет бюджеттік қаражатты толықтай игеруді тапсырған еді. Ауданның бюджеті биылғы жылдың он айында 101,1 пайызға игерілді. 13,6 млн теңге жоспардан артық жұмсалды», - деді Н.Шерубаев.
Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратов кездесу қорытындысы бойынша моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша жобаларды жалғастыра беру туралы тапсырма алды. Атап айтатын болсақ, жастарға IT клуб салу, тамақтану өнімдерінің бағасының өспеуін қадағалау, «Термомодернизация» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерді қалпына келтіруде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тәжірбиесін енгізу мен сараптау.
Семей қаласы әкіміне тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету, коммуналдық төлем қарыздарын өтеуде халыққа көмек көрсету, жолмен қамтамасыз ету, кәсіпкерліктерге бөлінген гранттарды субсидиялау тапсырмасы берілді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр