- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте биыл 2247 пәтер тұрғындарға тапсырылды
Шымкентте биыл 2247 пәтер тұрғындарға тапсырылды
Осы жылы берілетін баспаналардың 1887-і «Қазақстан ипотекалық компаниясы» тарапынан берілсе, «Жас отбасы» бағыты («Қазақстан Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ желісі негізінде) бойынша 216 пәтер, «Жалдамалы (коммуналды) тұрғын үй» бағыты бойынша 144 пәтер кілті өз қожайындарына тапсырылмақ.
Оның ішінде , «ҚИК» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша құрылысы былтыр біткен 492 пәтер кілті өз қожайындарына табысталмақ. Өткен жылы салынып біткен осы баспаналарды алу бойынша 2641 азамат пәтер алуға ниет білдірді. Қазіргі таңда олардың төлем қабілеттілігі ипотекалық компания арқылы тексерілуде, төлем қабілетін растаған азаматтар өз пәтерлеріне қоныстанады.
Еске салайық, өткен жылы «Жалдамалы (коммуналды) тұрғын үй» бағыты бойынша 2024 пәтер, «ҚИК» АҚ-ы бағыты бойынша 1080 пәтер, «Қазақстан Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ-ы желісі бойынша 180 пәтер, жалпы саны 3284 пәтер өз иелерін тапқан болатын. Бұл дегені, енді Шымкентте баспана кезегінде тұрған 20 мыңнан астам азаматтың ішінен былтыр пәтерлі болған тұрғындар және өз атында жылжымайтын мүлкі анықталған шаһарлықтар кезек тізімінен алынады деген сөз.
Сонымен қатар, осы жылдың қаңтар-наурыз айларында түгендеу жұмыстары жүргізіліп, 1 сәуірден бастап қаладағы баспана кезегінде тұрған азаматтардың реттелген жаңа тізімі жасақталмақ. Баспасөз жиынында, шаһар басшысының орынбасары пәтер беру жұмыстарының ашықтығын, пәтер кезегінің жылжу ретін БАҚ –құралдары және электронды портал (е-gov) арқылы бақылауға болады.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар -
Генерал-лейтенант: Биылғы міндет – бірде-бір сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек -
Үкімет отырысы: еңбек құқықтарының сақталуы мен уақытылы еңбекақыны қадағалау тапсырылды -
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті