- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да Индустрияландыру картасы аясында 115 жоба жүзеге асырылуда
ОҚО-да Индустрияландыру картасы аясында 115 жоба жүзеге асырылуда
Аталған жобалар толығымен жүзеге асырылғанда 19,9 мың жұмыс орны құрылатын болады. «2015 жылдың 11 айында 593 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52 млрд. теңгеге артқан. Бұл көрсеткіш бойынша біздің өңір республикада 5 - орынға ие. Ал өңдеу өнеркәсібінде 373,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 353,7 млрд.теңгені құраған.
Баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы саласына тоқталған облыс әкімінің орынбасары 2015 жылы «Агробизнес – 2020», «Нұрлы жол» бағдарламалары шеңберінде облыстық және жергілікті бюджеттен 22 бағдарлама бойынша 28,5 млрд.тг бөлініп, ол 2014 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артқанын мәлімдеді. Осы бөлінген қолдау қаржылары мен жүйелі жұмыстардың арқасында ауыл шаруашылығының егіс көлемі 772,5 мың га ұлғайған.
Ал республикада жылыжайлар үлесінің 87 пайызын құрайтын өңірімізде жылыжай көлемі 1023 га жетіп, мұндағы жыл сайынғы өндірілген көкөніс көлемі 150-180 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар, мал шаруашылығы саласында «Ірі қара мал экспортының әлеуетін дамыту» бойынша «Сыбаға» бағдарламасымен 20,7 мың бас аналық, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 47,7 мың бас ұсақ мал алынса, «Құлан» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 3894 бас жылқы алынып көрсетілген меже артығымен орындалған.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген