- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
«Қымбатты отандастар!
Еліміздің православие христиандарын және барша қазақстандықтарды Рождество мейрамымен құттықтаймын!
Бұл мереке адамдардың бойына сенімнің, үміттің және сүйіспеншіліктің сәулесін дарытып, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтардың айналасына біріктіруде.
Рождество діндарлардың жүректерін ерекше қуанышқа, бақытқа және таза пейілге кенелтеді. Бұл өзара түсіністік пен мейірімділіктің, жақын жандарға қамқорлықтың және көмекке зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің уақыты.
Барлық конфессиялар өкілдерімен бірге православие христиандары қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық келісімді, тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосуда.
Жарқын Рождество мерекесінде шын жүрегімнен баршаңызға зор денсаулық, бақыт, молшылық және игілік тілеймін!», - делінген құттықтауда.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун -
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады -
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады -
COVID-19: АҚШ-та қайтыс болғандар саны шарықтау шегіне жетті, Германия Рождестводан соң локдаун енгізбек -
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері