«Казконтент» АҚ 100kadam.kz интернет порталын іске қосты

6 Қаңтар, 2016 17:46
Бүгін Елбасының бес институционалдық реформасы мен 100 нақты қадам ұлт жоспарына арналған 100kadam.kz интернет-порталының ресми таныстырылуы ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтті.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалды реформасы мен нақты 100 қадамды жүзеге асыру жөнінде толық ақпарат беру үшін «100kadam.kz» сайтын əзірледік. Бұл сайт - Инвестициялар жəне даму министрлігі Ақпарат, байланыс жəне ақпараттандыру комитеті, «ҚазКонтент» АҚ жəне «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлесе жүзеге асырған жобасы», - деді Ж.Шолақов. 

«Сайт үш тілде ақпарат таратады. Дизайны жаңа заманға лайықталып жасалған. Көзі нашар көретіндерге арналған арнайы нұсқасы бар. Басты баннерде Елбасының суреті және 100 нақты қадам ұлт жоспарының логотипі бейнеленген. Порталдың ерекшілігі - 100 нақты қадамның барлығы бір жерде орналасқан», - дейді "Қазконтент" АҚ Басқарушы директоры Жандос Шолақов.

Оның айтуынша, портал негізінен бес бөлімнен тұрады. Яғни кәсіби мемлекеттік ақпарат құрылым, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік және есеп беретін мемлекетті қалыптастыру. Әрбір бөлімде сәйкесінше қадамдары орналасқан. Орталық функционалдық бөлімде 100 қадамға қатысты күнделікті жаңалықтар беріліп отырады.

Айта кетейік, портал ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, "Қазконтент" АҚ және "Ұлттық ақпарттық теxнологиялар" АҚ жобасы болып табылады. 

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар