- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР СІМ КХДР-да жасалуы мәлім етілген ядролық сынаққа қатысты мәлімдеме жасады
ҚР СІМ КХДР-да жасалуы мәлім етілген ядролық сынаққа қатысты мәлімдеме жасады
Осыған орай, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1718 (2006), 1874 (2009), 2087 (2013) және 2094 (2013) резолюцияларын бұза отырып, КХДР-дың осындай әрекетінің жөнсіздігі және үзілді-кесілді айыптайтыны туралы мәлімдейді.
Ядролық сынаққа жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) XIV бабына сәйкес, Жапониямен бірге 9-шы Конференциясының теңтөрағасы болып саналатын, Қазақстан КХДР басшылығының бұл iс-әрекеттері ядролық қарусыздану, ядролық қаруды таратпау режимін және жаһандық қауіпсіздікті нығайту бойынша халықаралық қоғамдастықтың күш-жігеріне елеулі залал келтіреді деп есептейді, ЯСЖТШ-тың күшіне енуін қамтамасыз ету жөнінде әлем елдерінің басым көпшілігінің ұмтылысын жоққа шығарады.
Қазақстан ядролық қарудың қасіретін бастан өткерген, өз еркімен ядролық арсеналдардан бас тартқан және 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл халықаралық күні деп жариялаған БҰҰ Бас Ассамблеясы қаулысының қабылдануына бастама білдірген ел ретінде әлемдегі ядролық сынақтарға толық тыйым салынуын қолдайды және Қытай, Ресей, АҚШ, Корея Республикасы мен Жапонияның қатысуымен алтыжақты форматтағы ядролық проблема бойынша келіссөздерді дереу қайта бастауға шақырады.
Қауіпсіздіктің және тұрақты дамудың кепілі ядролық арсенал емес, кеңейтілген өзара тиімді ынтымақтастық, барлық мемлекетаралық қатынастардағы проблемаларды бейбіт келіссөздер арқылы шешу қажет деп сенеміз. Әлемді ядролық қарудан тазарту жаһандық қауіпсіздік кепілі болып табылады, біздің еліміз және 21-ші ғасырда адамзаттың басты мақсаты – ядролық қарусыз әлемді құруға шақырған Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан бас тартуға үндейді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады