Зайсанға алғашқы шығысқазақстандық газ тартылды

9 Қараша, 2013 11:49
Зайсанға қала маңында орналасқан кен орнынан газ тартылды. Жергілікті тұрғындарда табиғи газбен үйлерін жылыту мүмкіндігі жақында ғана, «Сарыбұлақ-Майқапшағай» газ құбыры іске қосылғанда пайда болды, деп хабарлады BNews.kz.

«Бұл тек Зайсан тұрғындары үшін емес, барлық Шығыс Қазақстан үшін үлкен жаңалық. Біздің кейбір елді мекендерімізде отынның осы түрінің тапшылығы баяғыдан бар. Дәлірек айтсақ, қазір облыс орталығында орталық газбен қамтамасыз ету жүйесі жоқ. Бұл дегенеміз, осындай проблемалық мәселелердің ақырындап шешіліп келе жатқандығын білдіреді. Қазіргі таңда газ бөлетін жүйелер салынып, 500 үйге газ тартылды. 2014 жылы біз жақында орналасқан 9 елді мекенге, болашақта Өскемен қаласына да газ тартамыз», - деді ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев.

 

 

 

Барлық жаңалықтар