• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылдың басынан бастап теміржол жол жүру құжаттарын электронды сату жүйесіне 5 жеке меншік тасымалдаушы қосылды

2016 жылдың басынан бастап теміржол жол жүру құжаттарын электронды сату жүйесіне 5 жеке меншік тасымалдаушы қосылды

6 Қаңтар, 2016 18:57
2016 жылдың басынан бастап теміржол жол жүру құжаттарын электронды сату жүйесіне 5 жеке меншік тасымалдаушы қосылды, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап теміржол жол жүру құжаттарын электронды сату жүйесіне бес жеке меншік тасымалдаушы қосылды, соның ішінде:«ARLAN-TRANS-ASTANA» ЖШС (№ 75/76 «Астана-Қызылорда);«Марал-Нұр» ЖШС (№ 307/308 «Астана-Жезқазған);«Nomadas» ЖШС (№ 5/56 «Көкшетау-Қызылорда);«Турксиб Астана» ЖШС (№ 327/328 «Қостанай-Қарағанды», № 621/622 «Қостанай-Арқалық»);«Туран Экспресс» Жолаушылар компаниясы» ЖШС (№ 393/394 «Алматы-Алтынколь»).

Жолаушылар электронды жол жүру құжатын (билеттер) интернет ресурстары (epay.railways.kz, aviata.kz, flight.kz, tickets.kz)және Киви, Касса 24 және т.б. терминалдары арқылы сатып ала алады.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетілген тасымалдаушылардың барлық жолаушылар поездарының құрамы отырғызу талондарын беру және басып шығару электрондық жол жүру құжаттарын санау бойынша жолсеріктің мобильдік терминалдарымен жабдықталған.

Жеке меншік тасымалдаушылар үшін электронды жол жүру құжатын (билеттер) енгізу бойынша жұмыстар қатысты ұйымдармен бірге ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен 2014 жылдың екінші жартысынан басталғандығын ескертеміз.

 

 

 

Барлық жаңалықтар