• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Мұханов: «100 қадам» аясындағы 59 жаңа заң мемлекеттің жаңа институционалдық тірегін қалыптастырады

М.Мұханов: «100 қадам» аясындағы 59 жаңа заң мемлекеттің жаңа институционалдық тірегін қалыптастырады

6 Қаңтар, 2016 16:43
«100 қадам» аясындағы 59 жаңа заң мемлекеттің жаңа институционалдық тірегін дайындайды, деді ОКҚ брифингі барысында Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы Мақсат Мұқанов.

««100 қадам» аясындағы  59 жаңа заң мемлекеттің жаңа институционалдық  тірегін дайындайды. Айта кетерлігі, бұл ауқымды ұйымдастырушы жұмыс, оны барлық мемлекеттік органдар өткізіп, экономиканың қызмет етуіне жаңаша жағдай жасады», - деді ол.

Сондай-ақ, институт төрағасы атап өткендей, 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру басталды. Бұл орайда Елбасының мақаласында меморган мен Үкімет назар аударатын бағыттар көрсетілген.

 «Қазақстан әлемдік экономикаға өте тығыз интеграцияланған. Өткен жылы біздің ел Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді. Бүгінде жаһандану кезеңінде барлық үдерістер, әрине, әлемнің кез келген еліне ықпал етеді. Қазіргі уақытта, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, жаңа реформалар жүргізіп, экономиканы жаңа экономикалық шындыққа дайындау керек. Ұлт жоспары Қазастанның бүгінгі күрделі экономикалық жағдайдан шығудың сарабдал жолы болып отыр»,-деді Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы М.Мұқанов.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар