- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы әскери білімнің ең танымал мамандықтары аталды
Қазақстандағы әскери білімнің ең танымал мамандықтары аталды
Әскери білім беру саласында елеулі өзгерістер пайда болды. Әскери кафедраларда жаңа ережелер енгізілді және 26 мамандық бойынша қыз балаларды іріктеу басталды, барлық оқу орындарында қабылдау жөнінде жаңа қағидалар бекітілді, жаңа психологиялық тестілер енгізілді. Сонымен қатар әскери білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып, кредиттік технология бойынша оқытуға көшу жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда бакалавриат бағдарламасы бойынша әскери мамандарды даярлауды жүзеге асыратын үш әскери жоғары оқу орны бар. Ол Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты. 2015 жылы осы үш әскери оқу орнын 700-ге тарта түлек бітіріп шықты.
Ең танымал және сұранысқа ие мамандықтар «командалық тактикалық мотоатқыш әскерлері» (ҚӘ ӘИ), «әуе кемелерін пайдалану» (командалық тактикалық армиялық авиация) (ӘҚК ӘИ), «байланыс желілері және коммутация жүйелері» (РЭжБӘИИ) болды. Оқуды тәмамдағаннан кейін қазақстандық әскери жоғары оқу орындарының түлектері әскерлерге жіберілді. 350-ге тарта жас лейтенант Құрлық әскерлері, 250-ге жуығы Әуе қорғанысы күштері және 20 шақтысы Әскери-теңіз күштерінің қатарын толықтырды. Қалғандары ҚР Қарулы Күштерінің әртүрлі құрылымдық бөлімшелеріне қызмет етуге аттанды. Одан басқа, 2015 жылы Ресей, Беларусь, Украина, Үндістан, АҚШ, Түркия және Ұлыбритания шетел әскери жоғары оқу орындарының 90-ға жуық түлегі де қазақстандық армияда қызмет етуге орналасты.
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген