• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбеде қараша айының соңында жаңа облыстық аурухана пайдалануға беріледі

Ақтөбеде қараша айының соңында жаңа облыстық аурухана пайдалануға беріледі

9 Қараша, 2013 11:11
Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Сабыр «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының, «100 аурухана» және «350 емхана және амбулатория» құрылыстарының жүзеге асырылу барысы туралы ОКҚ-ның баспасөз отырысында әңгімелеп берді.

«Ағымдағы жылы біз «100 аурухана» құрылыс бағдарламасын тәмамдаймыз, біз 300 орынға арналған және құны 11 млрд. 778 млн. теңгенің көпбейінді облыстық ауруханасын іске қосамыз. Ең заманауи жабдықтармен жарақталатын аурухана қараша айының соңында пайдалануға беріледі», - деді Қ. Сабыр.

 «Оған қоса, «350 емхана және амбулатория» бағдарламасы бойынша 500 адам қабылдайтын және жалпы құны 1 млрд. 150 млн. теңгені құрайтын қалалық аурухананы іске қосқалы отырмыз, бұл мекеме 50 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін болады. Және оған қоса, биыл 9 дәрігерлік амбулатория ашылуда. Бұл нысандардың барлығы республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Биыл біз сонымен бірге, Шұбарқұдық ауылында бір аудандық емхана ашып отырмыз. 250 адам қабылдауға арналған бұл нысанның құрылысы ауданның денсаулық сақтау жүйесін жаңартуға мүмкіндік беріп отыр», -деп түйіндеді өз сөзін Басқарма басшысы.

 

 

Барлық жаңалықтар