- Басты
- Жаңалықтар
- Таиланд ЕАЭО-мен Еркін сауда туралы келісімге отыруға мүдделі
Таиланд ЕАЭО-мен Еркін сауда туралы келісімге отыруға мүдделі
Келіссөздер барысында тараптар 2015 жылғы Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының аралық қорытындысын жасап, 2016 жылы екіжақты және көпжақты форматтағы өзара әрекеттестіктің болашағын талқылады.
Қазақстан Елшісі тай министрін Қазақстанның ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етіп, Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберіндегі дамуының болашағын атап өтті.
А. Тантрапорн «Қазақстан мен Таиланд сауда және инвестиция салаларындағы өзара әрекеттестікті кеңейтуде жоғары әлеуетке ие екенін» атап өтті. Сонымен қатар, министр Қазақстанды Дүниежүзілік сауда одағына кіруімен құттықтап, елдер арасындағы сауда-экономикалық алмасуды әртараптандыруға ниет білдірді.
Тараптар АСЕАН (Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы) Экономикалық қауымдастығы мен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі серіктестік мүмкіндіктерін де талқылады.
Таиланд Сауда министрі ЕАЭО қатысушы мемлекеттермен Еркін сауда туралы келісімге отыру мүмкіндігін талқылауға ниет етті.
Келіссөздер барысында тараптар екі ел кәсіпкерлеріне байланыс орнатуда қолғабыс етудің маңыздылығын атап өтті. Сұхбаттастар жаһандық экономиканың құлдырауы кезіндегі бизнес белсенділігі, серіктестер іздеу мен жаңа жобаларды іске асыру ел экономикасы өсуінің маңызды қозғалтқышы болып табылады деп ортақ пікір білдірді. Осы мақсатта жаңа сауда-инвестициялық жобаларды талқылау үшін 2016 жылы Қазақстанға сауда миссияларының сапарларын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
-
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Қылмыстық процесті жаңғырту, адам саудасы және интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері